366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі медициналық мекемелерде 1400-ге жуық анестезиолог жетіспейді

  • 112
  • UPD: 20:47, 11.10.2018

Еліміздегі емханаларға 1400-ге жуық анестезиолог-реаниматолг дәрігер қажет. Бұл жөнінде Алматыда басталған Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтарының үшінші құрылтайында айтылды.

Оған ел дәрігерлерімен қатар Бірікен араб әмірліктері, ТМД және Еуропаның бірқатар мемлекеттерінен білікті мамандар келіп қатысып жатыр. Алмас Садуақас тарқатады. 

Анестезиологтар мен реаниматологтардың үшінші құрылтайын өткізудегі негізгі мақсат- осы саланың емдеу жолдарын айқындау. Емдік процесте  ұтымды әдіс-тәсілдерді таңдау. Жалпыға ортақ даму стратегиясын бекіту. Жалпы емдеу ісінде анезтезиология мен реаниматология егіз ұғым саналады. Ауқымы кең, міндеті ауыр мамандандық. Анестезиолог науқастың қан тамыры ағысын, жүрек қағысын, жалпы операцияның өту барысын қадағалайтын, ауырған тәнге тиісті дәрі егетін білікті дәрігер. Бірақ елімізде балаларды емдеп, сауықтыратын анестезиолог дәрігерлер тапшы.  

Төлеген Жұмабеков, балалар анестезиолог-реаниматологы:

- Ал жетіспейтін себебі ақылы ұйымдар олар жұрттан ақшаны көбірек алады. Сосын бұларға жалақыны көбірек төлейді да білікті мамандарды алып кетеді. Сосын екі ортада біздің бюджеттегі тегін емдейтін анестезиологтар жетіспей қалады. 

Анестезиолог дәрігерсіз ешқандай операция жасалмайды. Олар жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік, өкпе қабыну, бүйрек алмастыру сынды аса күрделі оталардың барғына атсалысады. Өткен жылы елімізде жүрекке 2 мыңнан астам ота жасалған. Солардың 15 пайызы балаларға жасалған операция. Ал жыл сайын еліміздегі іргелі оқу орны С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ден тек 7 резидент ғана анестезиолог мамандағы бойынша біліп алып шығады. 

Мұхтар Смаилов, анестезиолог-реаниматолог:

- Қазір жастар онша көп бармайды. Себебі жұмыс өте қиын. Былай айтқанда біз медицинаның әртүрлі дисциплиналарының шекарасында жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы, терапия, кардиология, неврология, травматология, урология біраз жерде. Сонда жан-жақтан шамалы хабар болу керек. Ол болмаса жұмысістеу өте қиын болып қалады. Әрине күн-түн. Одан кейін науқас ессіз жатса жәрдем көрсету керек. Одан қашуға болмайды. Біз қашып кетсек, кім көмек көрсетеді? 

Үшінші құрылтайда отандық әрі шетелдік дәрігерлер өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты. Қазір заманауи медициналық техника мен технология дамыған уақыт. Түрлі дәрі-дәрмек те жеткілікті. Алайда барлығы өмір мен өлім арасында жүретін анестезиолог дәрігердің білімі мен біліктілігіне байланысты болады. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы