360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Апатқа байланысты «Роскосмоста» ауыс-түйіс болуы мүмкін

  • 142
  • UPD: 21:27, 11.10.2018

«Союз МС-10»-ның апатынан еліміздің экологиясына қандай қауіп бар? Апатты құтқару жүйесі арқылы аман қалған ғарышкерлер қазір қайда және қандай жағдайда?

Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік Алексей Овчинин мен америкалық Ник Хейг ұшуы тиіс еді. Бастапқыда бәрі ойдағыдай болды. Космонавтардың ұшу сәті тікелей эфирде көрсетілді. Алайда Байқоңырдан көкке бет алған әуе кемесінде ақау шығып, апатты құтқару жүйесі іске қосылды. Экипаж мүшелері ресейлік Алексей Овчинин мен америкалық Ник Хейг Жезғазғаннан 20 шақырым жерге қонған. Дін аман. Наса агенттігі қос ғарышкердің Байқоңыр айлағының аумағына апарылғанын мәлімдеді. Екеуіне де  психологиялық көмек көрсетілді.Енді бұл жағдайдан кейін құлаған зымыран тасығыштан айналаға қауіп төнбей ме? Мамандар не дейді?

Қорған Төреқожа, тілші:

- Мамандар айтады. Апатты жағдайдан соң зымыран тасығыштан экологияға яки адамға қауіп төнбейді. Себебі ракетада гептил болмаған. 

Яғни әуе кемесі киросин және оттегімен ұшқан. Союз МС 10-ның екі бөлшегі қайда құлағаны әзірге беймәлім. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Олег Ахметов, әуе саласы бойынша журналист:

- Өзім әуе саласының журналисі ретінде айтарым бұл оқиғадан соң экологияға мүлдем қауіп болмайды. Оған халық алаңдамауы керек. Бұл жолы тек ұшыру кезінде төтенше жағдай орын алып отыр.

Оқыс оқиғадан соң біздің төтенше жағдайлар комитеті шұғыл жиын өткізді. Мұндағы мамандар Союз МС 10 ның қалдықтары Қарағанды аймағының маңында болуы мүмкін деп болжам жасады.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы:

- Зымыранның қалдықтары шамамен Қарағанды облысындағы Балқаш қаласының маңына құлауы мүмкін. Мен жақында ғана Роскосмос өкілдерімен сөйлестім. Ғарыш аппаратының  бөлшектері қандай да бір елді-мекеннің үстіне құлаған жоқ. Әйтпесе ол туралы ақпарат бірден таралушы еді.

Осы тұста атап өтейік. Байқоңыр ғарыш айлағына зиян келген жоқ. Ал төтенше жағдайға не себеп нмесе кім кінәлі екендігі қазір анықталып жатыр. Тіпті «Роскосмоста» ауыс-түйіс болуы да мүмкін екен.

Хабар 24 телеарнасы