360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда өрт шығу оқиғасы азаймай тұр

  • 122
  • UPD: 21:23, 11.10.2018
Алматыда өрт шығу оқиғасы азаймай тұр

Алматы қаласында  жыл басынан бері 932 өрт оқиғасы тіркелген. Төтенше жағдайлардың көбі жеке тұрғын үйлерде, жылыту маусымында болады екен.

Бұған үй иелерінің қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болатын көрінеді. Осыған орай қалада «Өрт қауіпсіздігі айлығы» шарасы өтіп жатыр. Жылыту маусымы алдында мамандар тұрғындарға ыс пен өрттен сақтану шараларын түсіндіріп жүр. Айтуларынша, қатты немесе сұйық отынға арналған пештерді тазалап, техникалық жарамдылығын жиі тексеріп отыру керек. Статистика бойынша жыл сайын орта есеппен ыстан уланған 250 адам медициналық көмекке жүгінеді екен. Сала мамандары қазір халықты ыстан сақтау үшін арнайы қондырғылар орнатуға кірісті. Жүйе ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері арта қалса, бірден дабыл береді. Қондырғыны жеке тұрғын үй иелері өздері сатып алып, орнатса да болады екен. 

Сандуғаш Баймұхамбетова,  қалалық  ТЖД баспасөз хатшысы:

- Үйдің ішінде көміртегінің мөлшері адамның ағзасына зиян келтіретіндей көбейетін болса, ол арнайы дыбыс беріп, қызыл түсті шамы жанады. Пайдалануға өте жеңіл. Ол жерде үш батарея ғана орналастырып, ары-бері көшіруге болады.

Хабар 24 телеарнасы