366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы Қабылбаевтар отбасында 13 бала тәрбиеленіп отыр

  • 114
  • UPD: 22:10, 11.10.2018

Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтініштер қабылдау жалғасып жатыр. Осы айдың бел ортасында бұл науқан аяқталып, жаппай дауыс беру басталады.

Ал былтырғы жеңімпаздар елге қандай еңбек сіңірді? Жалпы жоба оларға не берді? 

Мұрат Қабылбаевтың отбасында қазір 13 бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың 12-сі балалар үйінің түлегі. Әрқайсысы әр ұлттан болса да барлығы бірдей қазақша сөйлеп, қазақи болмысты бойларына сіңіруде. Жеткіншектер жан-жақты дамып келеді. Оқу, өнер, спорттан да кенде емес.

Төлеген Булкин, М.Қабылбаевтың тәрбиеленушісі:

- Әкеміз бізге барлық жағынан тәрбие көрсетеді. Спорт жағынан, мысалы, қалай жалпы жерлерде өзіңді қалай ұстау керек. Жалпы, бүкіл жағынан сыныптастарымыздан озамыз. Сол үшін әкем бізге көмектеседі. Абай оқуларынан «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», 50 өлең оқып, сол үшінші орын алдым. Тәрбие жағынан бізде жұма сайын отбасылық жиналыс болады. Сол отбасылық жиналыста әкеміз бізді көптеген нәрселерге үйретеді. 

Тете өсіп келе жатқан балалар, бір-біріне өте қамқор. Олардың алды биыл мектеп бітіріп, колледжге оқуға түскен. Кішілері де үлкендердің ізін басып келеді. Әрқайсысының өз арманы бар. Тіпті, кейбірі мамандық та таңдап қойған. Алайда балалардың әкесі Мұрат Қабылбаев, өскелең ұрпақтың бойына ең алдымен адами қасиеттерді сіңіруге тырысамын, - дейді. Еңбекке де баулып, олардың мықты азамат болуына барынша жағдай жасап келеді. Осындай тәжірибелі қамқоршыдан кеңес сұраушылар да көп екен.

Мұрат Қабылбаев, балалардың асыраушысы, қоғам қайраткері:

- Қазіргі таңда маған көп жерден Қазақстан бойынша әр облыстан звондап жатыр. Ресей жақтан, қырғыз жақтан осы жетім балаларды тәрбиелеу жағынан. Бізде Қазақстанда мысалы, школа приемных родителей деген қазір жоқ. Көбі қамқоршылық алған кісілер осы бала тәрбиелегенде кішкене қиындықтар басталады. Қазір сондай ойым бар, интернет арқылы онлайн мектеп ашуға және мысалы, бір группа жинап, сондай сабақ беру оларға. 

Кейіпкеріміздің жеке өзіне тоқтала кетсек, ол, Кенесары ауылының қарапайым тұрғыны, атақты Балуан Шолақтың шөбересі. Мұрат Қабылбаев, жетім балаларға көрсеткен көмегі үшін осыдан бірнеше жыл бұрын «Алтын жүрек» сыйлығының иегері атанды. Түрлі қоғамдық қайырымдылық қорларының мүшесі. Бірнеше кітаптың авторы.

Гүлжан Саханова, М.Қабылбаевтың көршісі:

- Енді көршілеріміз өзімізге жақын. Балаларымыз да ортақ болып кетті. Осы семьяға тек қана жақсылық тілеймін. Өйткені анау-мынау адамның қолынан келе бермейді. Қаншама ұлттан шыққан балаларды тәрбиелеу. Бұл кісінің қоғамға қосып жатқан үлесі өте зор менің ойымша. Өйткені бұл кісі өз жанұясына ғана емес, бүкіл осы ауылда тұратын тұрғындарға әсер етті. 

Кейіпкеріміз ауыл өміріне де белсенді атсалысады. Мәселен, мына балалар ойын алаңын ол көршілерінің көмегімен тұрғызған. «Ал «Қазақстандық 100 жаңа есім» жобасы маған үлкен серпіліс берді. Енді алдағы уақытта басқа да қоғамдық істерді қолға аламын» дейді. 

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы