366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдік дін көшбасшылары «Нұр Әлем» музейін аралады

  • 116
  • UPD: 23:42, 11.10.2018

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VI съезінің делегаттары Астанадағы «Нұр Әлем» музейін аралап, болашақтың энергиясымен жақын танысты.

ЭКСПО-дан мұра болып қалған нысан елорданың символы іспеттес. Алып әйнектің ішіндегі сегіз қабатты музей қала қонақтары мен туристер жиі келетін ғимараттың бірі. Сондықтан дін өкілдерінің құрылтайына жиналған қауым Қазақстанның мақтанышына айналған орталықта болып, заманауи музейдің кереметін тамашалады.

Мұхаммед Зиа-ул-Хак, Ислам ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

- Мен ЭКСПО енді салынып жатқанда болған едім. Енді міне басқа әлемге енгендей болып тұрмын. «Нұр Әлем» керемет екен. Өте әдемі заманауи бағытта салынған. Бұл көрмеден Қазақстанның болашағы зор екенін бағамдауға болады.

Хабар 24 телеарнасы