366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда қазақстандық өнімдерге сұраныс жоғары

  • 120
  • UPD: 10:06, 12.10.2018

Қырғызстан Қазақстаннан түрлі тауар импорттайды.

Олардың қатарында әсіресе ауылшаруашылық өнімдері, яғни азық-түлік көп. Бірақ мұнай, химиялық өндіріс бұйымдары, құрылыс заттары, медициналық құрал-жабдықтар, тұрмыстық химия сияқты өнімдер де баршылық. Айталық, көрші ел көмірді 100 пайыз Қазақстаннан алса, өсімдік майы импортының үлесі 30 пайызды құрайды. Жалпы Қазақстаннан әкелінетін азық-түлік өнімдері ішінде бірінші орынды ұн мен одан жасалған өнімдер иеленеді. Себебі, қазақстандық тауардың сапасы жоғары. Сүт өнімдеріне де сұраныс жоғары. Ал ресми дерекке сүйенсек, Қазақстан – Қырғызстан үшін жетекші импорттаушы мемлекеттің бірі. Оның көлемі жылына 1 миллиард долларға жуықтайды.

Назгуль Таантбекова, сатушы:

- Бізде қазақстандық тауарларды жақсы алады. Олардың арасында ұн, өсімдік майы, шоколад, майонез секілді өнімдерді атап өтуге болады. Жалпы, елде қазақстандық тауарларға сұраныс өте жоғары.

Хабар 24 телеарнасы