366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысынан мың бас бұқа экспортқа жөнелтілді

  • 71
  • UPD: 10:08, 12.10.2018

Елбасы биылғы жолдауында еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыруды тапсырған болатын.

Ол үшін ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есеге көбейту керектігін айтқан еді. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірден қолға алынды.

Үштөбе ауылындағы 10 мың басқа арналған бордақылау алаңы осыдан екі жыл бұрын ашылған болатын. Содан бері мұнда мал саны 3400-ге жеткен. Өңірдегі фермерлерге ірі қараны осында тірідей тапсыру тиімді болып тұр. Себебі әр келісін 600 теңгеден қабылдайды, әрі мемлекет тарапынан әр келісіне 200 теңгеден субсидия төленеді. Бүгін алғашқы мың бас экспортқа жөнелтілді.

Айдын Албақай, шаруақожалық жетекшісі:

- Бүгін бірінші экспортты Өзбекстанға жібердік. Екі компаниямен келісімшартқа отырғанбыз, меморандумға қол қойылды. Нүкіс жақтан және Ташкент қаласынан. Біреуімен 4 мың басқа, екіншісімен 1 мың басқа келісім жасадық. 

Келесі жылы фермер Қытай еліне де 5 мың тонна ет өткізбек. Жуырда қос тарап тиісті келісімшартқа қол қойған. Ал жалпы жыл басынан бері еліміз бойынша 10500 тонна сиыр еті сыртқа саудаланыпты. «Бордақылау алаңдарына ұсақ шаруашылықтар шамамен 42 мыңға жуық ірі қара тапсырған. Бірақ бұл өте аз», – дейді ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –  Ауыл шаруашылығы министрі:

- Біздің бағдарламамыз тек бордақылау алаңдарын салумен ғана шектелмейді. Мақсатымыз – дәл осы бордақылау алаңдарының айналасында жүздеген шағын шаруашылық құру. Қазір бізде ет шаруашылығымен айналысатын шамамен 16 мың фермер бар. Алдағы 5 жылда бұл көрсеткішті 5 мыңға жеткізуіміз керек.

Қазір мал басын көбейтемін деген шаруаларға мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалып отыр. 4 пайыз жеңілдікпен 15 жылға несие беріледі. Жер, техникадан қолдау жасалады. «Тек еңбек ету керек», – деді ведомство басшысы фермерлермен болған жиында. Өмірзақ Шөкеев сондай-ақ мал басын көбейту үшін әуелі мал азығын жеткілікті етіп әзірлеу керектігін айтты. Ол үшін жуық арада қараусыз қалған суармалы алқаптарды қалпына келтірудің бағдарламасы әзірленуі тиіс.

Авторларыы: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Әсет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы