366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да астықты терең өңдейтін зауыт іске қосылды

  • 97
  • UPD: 10:04, 12.10.2018

Елімізде теңдесі жоқ кәсіпорын жылына 300 мың тонна бидайды өңдеуге қауһарлы.

Ал мұнда өндірілген өнім мемлекетімізден бөлек шетелге экспортталатын болады.

Бірнеше жыл тұралап қалған кәсіпорынның тамырана қайтадан қан жүгірді. Яғни былтыр мұнда диірмен кешені іске қосылған болатын. Енді, міне, екінші кезеңде астықтан крахмал мен балауыз өндіріле бастады. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестор 5,5 млрд теңге қаржы құйды.   

Әлихан Талғатбек, инвестор:

- Елбасы өз жолдауында еңбек өнімділігімен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын арттыруды міндеттеді. Бұл тапсырмалардың барлығы кәсіпорында жүзеге асырылмақ. Яғни балауыздың – 80, ал крахмалдың 70 пайызға жуығын біз Еуропа елдеріне саудалайтын боламыз.  

Кәсіпорын іске қосылысымен 400-ге жуық адам екі қолға бір күрек тапты. Олардың басым бөлігі ауыл азаматтары.

Наталья Александрова, зертхана меңгерушісі:

- Бірінші зертханада шикізат қабылданса, біз мұнда дайын болған өнімге сараптама жүргіземіз. Яғни оның сапасын тексереміз. Бастапқы кезде зауыт ашылғанда осында жұмыс істеген едім. Енді бірнеше жылдан кейін қайта оралдым.

Солтүстік Қазақстан – астығы ас та төк аймақ. Сондықтан кәсіпорын басшылығы шикізатты тек жергілікті шаруалардан сатып алмақ ниетте. Бұл өңір экономикасына айтарлықтай оң әсер етпек.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Бір мыңға жуық адам жұмысқа тартылатын болады. Түрлі-түрлі жобалар арқылы. Тек қана сол Тайынша ауданының бюджетіне 100 миллион теңгенің көлемінде салық төленетін болады.

Сәтін салса келер жылы үшінші кезеңде өндіріс ошағында бидайдан жоғары октанды биоэтанол өндіріп алынатын болады. Ал жоба құны 6 млрд теңге шамасында.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы