366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да жер заңнамасын бұзған шенеуніктер жазаланды

  • 80
  • UPD: 09:58, 12.10.2018
СҚО-да жер заңнамасын бұзған шенеуніктер жазаланды

Прокурорлар Есіл ауданы әкімінің орынбасарын қызметінен төмендетуге, ал ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына қатаң ескерту жасауға ұсыныс білдірді.

Мемлекеттік қызметкерлер 3 мың гектар жерді жалға беруге байқау жариялап, оның қорытындысын шығармай қойған. Жалпы жыл басынан бері өңірде жерге қатысты 80 заң бұзушылық анықталып, 257 телімнің мақсатсыз пайдаланылғаны белгілі болды. Олардың кадастрлық құны 3 млрд теңгеден асады. Жер заңнамасын бұзған 16 жетекші қызметтегі шенеунік тәртіптік жазаға тартылды.

Гүлмира Бопанова, облыс прокурорының көмекшісі:

- Есіл ауданы бойынша байқау өтпеген. Мемлекеттік қызметкерлер өтініштерді ашып, белгілі бір рәсімдерді жүргізген. Бірақ қорытындысын шығармаған. Енді байқау қайтадан жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы