366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда тағам фестивалі өтіп жатыр

  • 93
  • UPD: 10:23, 12.10.2018
Таразда тағам фестивалі өтіп жатыр

Қала тұрғындары мен қонақтарына 100-ге жуық тағам түрі ұсынылды.

Ерекшелігі, мұнда ұмыт болған қазақтың көмбе, балқаймақ сияқты бірнеше ұлттық тағамы әзірленді. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Тағамдардың дайындалу жолын мамандар өңірдегі 10 ауданның ауыл-аймақтарын бірнеше ай бойы аралап, қариялардан сұрастырып анықтаған. Негізгі мақсат – көне тағамдарды қайта жаңғырту. Бұл құндылықтарды туристер назарына ұсына отырып, олардың қызығушылығын мейлінше арттыруға бағытталған. Сонымен қатар шаһардың үздік аспаздары ас мәзірлерін ұсынып, өзара сайысқа түсті. Фестивальге 24 елден 100-ден астам шетелдік мейман мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан жүздеген турис келді. Мамандар бір апта ішінде өңірге жалпы саны 3 мыңға жуық мейман келеді деп болжап отыр.

Дуглас Бассет, турист /Италия/:

- Тараз – ерекше қала. Тұнып тұрған тарих. Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қала болған. Бұл қызықтырады. Халқы да өте қонақжай. Тағамдарды әзірлеу әдісі ерекше екен. Маған әсіресе құрт пен қымыз ұнады. Мен бұл көне шаһарға тағы бір мәрте келер едім. Бұл қалада атақты Марко Поло кезінде бір ай уақыт өмір сүрген екен. Мен мұндай жаңалықты жерлестеріме міндетті түрде жеткіземін.

Қарлығаш Аралбекова, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Біз өзіміздің ұлттық тағамымызбен мақтануымыз керекпіз. Оны көрсетуіміз керек. Соны көрсете білуіміз керек. Ет тарту, табақ тарту дейтін болады. Бұл ұмыылып бара жатыр. Сондықтан да осыны ұмытпас үшін, жастар жіліктеуді дұрыс білуі үшін, оның қандай қонақтарға қандай жағдайда берілетіні бойынша бізде шеберлік сыныптары өтетін болады.

Хабар 24 телеарнасы