366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтіп жатыр

  • 124
  • UPD: 14:34, 12.10.2018

«Қазақстанның үздік тауары» атауымен елордада отандық өнімдердің көрме-байқауы басталды.

Шараға 153 компания қатысып жатыр. Арасынан 27 кәсіпорын іріктеледі. 15 қазан күні онлайн дауыс беру басталады. Ол altynsapa.kz сайтында жүргізіледі. Жалпы, байқау үш аталым бойынша өтіп жатыр. Біріншісі – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», келесісі – «Халыққа арналған үздік тауар», үшіншісі – «Үздік азық-түлік тауары». Осы аталымдар бойынша анықталған жеңімпаздарды «Алтын сапа» байқауында Мемлекет басшысы марапаттайтын болады. Айта кетері, бұл шара отандық өнім өндірушілерді қолдау және кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу мақсатында өткізіліп отыр.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы:

- Біз қарадық. Барлық облыстарда 2 триллионға жуық тендер өткізіледі. Сол тендерді отандық кәсіпорын алса, қанша кәсіпорын көмектеседі, қанша өнім елде қалады. Соны ойлау керек. Ауруханалар 17 миллиардқа әртүрлі тігін материалдарын алады. 5 миллиардқа жуық жиһаз алады. Ал онда біздің қазақстандық тауарлардың мөлшері 10 пайызға жетпейді. Қалғандары импорттан әкелінеді. Әкімдерге сол жұмысты жасау керек.

Хабар 24 телеарнасы