366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында «Жомарт жүрек» байқауының жүлдегерлері анықталды

  • 118
  • UPD: 13:32, 12.10.2018

Ол Жетісу жерінде «Жыл тұлғасы», «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жылдың үздік ұйымы» сияқты 7 аталым бойынша өтті.

Бұл өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 40 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Сол арқылы 300-ден астам ірі жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Бағдарлама аясындағы жобаларды ілгерілетуге жергілікті меценаттар да үлкен көмек көрсеткен еді.

Закиржан Кузиев, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты:

- 2017 жылы 425 млн теңге бөлдік. Биыл 285 млн теңге бөлдік. Біз мектеп салдық. Жаркентте 1800 адам сыятын мешіт салдық. Жаркентте 2-3 адамның үйі өртеніп кеткен, соларға көмектестік. Сыйлық алғанда бәріміз қуанамыз. Бұл сыйлықты армандап жүрген көп адамдар бар деп ойлаймын.   

Хасан Абуев, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты:

- Ауылымыздағы бастауыш мектеп әбден ескіріп-тозып, апатты жағдайда тұрған еді. Соның салдарынан балалар үш ауысымда оқуға мәжбүр болды. Өткен жылы өз қаржымызбен ауылға мектеп салып бердік. Ол биылғы оқу жылында пайдалануға берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша салынған Тастыбастау мектебі бүгінде ауыл балаларының игілігіне қызмет етіп жатыр. Әрбір азамат өз ауылының өсіп-өркендеуіне осылай үлес қосуы тиіс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы