365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда заңбұзушылықтарға жол берген 300 адамға әкімшілік жаза жүктелді

  • 73
  • UPD: 14:14, 12.10.2018
Қарағандыда заңбұзушылықтарға жол берген 300 адамға әкімшілік жаза жүктелді

Қарағанды қаласының тәртіп сақшылары «Учаске» жедел алдын алу рейдтік шара барысында 7000-ға жуық тұрғын үйлерді тексеріп, оның 600-ден астамы заңсыз жалға берілгендігін анықтады.

Сонымен қатар  70 заңсың еңбек еткен мигранттар тіркелді. Заңсыз сақталған 7 қару тәркіленді. Сондай-ақ түрлі заңбұзушылықтарға жол берген 300-ден астам қарағандылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталмыш жедел алдын алу шаралары үш айға жалғасады.

Айдын Бәкенов, қалалық орталық полиция бөлімі басшысының орынбасары:

- Учаскенің негізгі мақсаттарының бірі – тұрғындармен сенімді қарым-қатынас орнату, қылмысты алдын алу, болдымау. Есепте тұрған азаматтармен алдын алу жұмыстарын жасау, азаматтық қаруы бар азаматтармен қаруларының заңды түрде сақталуын тексеру.

Хабар 24 телеарнасы