366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада автобус жүргізушілері 200-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзған

  • 81
  • UPD: 15:14, 12.10.2018

Бұл заңбұзушылықтар өткен 2 күн ішінде Астанада жүріп жатқан «Автобус» жедел алдын алу шарасы аясында анықталды.

Енді жүргізушілер қандай жазаға тартылады?

Астанада «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылғаннан бері жолда тәртіп бұзатындар саны біршама азайды. Алайда бұл көрсеткіш мүлдем жоққа тең деп айтуға келмейді. Әсіресе қоғамдық көлік жүргізушілері арасында ережені сақтамайтындар аз емес.

Сымбат Шоқытаев, қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары:

- Өткен жылмен салыстырсақ, биыл жолдағы апаттар саны 18,5 пайызға төмендеді. Ал қоғамдық көліктің қатысуымен болатын оқиғалар көлемі 34,6 пайызға азайды. Қол жеткізілген нәтижені жақсарту үшін арнайы мобильді топтар құрдық.

Олардың арасында жол жүру жылдамдығын асырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жәрдем бермегендер бар. Сол себепті полицейлер автобус парктерінде тексеріс жүргізіп, техникалық ақауы бар 14 көлікті тіркеді.  

Бақытжан Алтыбаев, қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Жолаушылар тасымалын бұзған, екі қатардан тұрып аялдамаларға арнайы кіретін орындарға кірмеген, жолаушыларды аялдама жоқ жерге түсірген, қызыл бағдаршамға өтіп кеткендер бар.

«Автобус» шарасының алғашқы екі күнінде барлығы 224 заңбұзушылық анықталды. Олардың 87-сі «Сергек» жүйесі арқылы тіркелді. Салдарынан 6 автобус паркінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды. 

Авторлары: Дариға Ташенова, Болотбек Табалдиев

Хабар 24 телеарнасы