366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде қатарласын өлтірген «Алтын белгі» иегеріне сот үкімі шықты

  • 357
  • UPD: 15:13, 12.10.2018

Ақтөбеде өз қатарласын пышақтап өлтірген «Алтын белгі» иегері Бекназ Кеңшілік 9 жылға сотталды.

Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған мекемесінде өтейтін болды. Еске салсақ, ол биыл маусым айында мектеп түлегі Азат Дүсіповты бірнеше жерден пышақтаған еді. Ауыр жарақат алған жәбірленуші облыстық балалар клиникалық ауруханасында көз жұмды. Ал «Алтын белгі» иегері Бекназға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған еді. Аса ауыр қылмыс жасалғандықтан, процессуалдық келісім болмады. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ, тараптар апелляциялық шағым түсіре алады.

Алтынбек Сабыров, мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы: 

- Кеңшілік Бекназ Нұрбекұлы ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімінің 9 және 14-тараптарымен кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кеңшіліктің заңды өкілі Аманбаевтан Дүсіповтың пайдасына 2 652 671 теңге моральдық шығын, мемлекет пайдасына 26 527 теңге БАЖ өндірілсін. Кеңшіліктің заңды өкілі Аманбаевтың Дүсіповтың пайдасына 3 млн теңге моральдық шығын өндірілсін және мемлекет пайдасына 1 203 теңге БАЖ өндірілсін.

Хабар 24 телеарнасы