360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық озық технологияларды дамытуға инвестиция тартылады

  • 113
  • UPD: 15:09, 12.10.2018
Отандық озық технологияларды дамытуға инвестиция тартылады

Елордада Қазақстанның технологиялық форумы өтіп жатыр.

Жиын отандық озық технологияларды дамытуға, насихаттауға және оған инвестиция тартуға бағытталған. Оған жергілікті және шетелдік кәсіпкерлер, сарапшылар, ғалымдар мен қоғам белсенділері қатысты. Форум шеңберінде инновациялық өнертабыстардың шағын көрмесі ұйымдастырылып, жас инженерлер келушілерге өз жұмыстарын таныстырды. Ал бастауыш кәсіпкерлер алдында өз тәжірибелерімен бөліскен 50-ге жуық спикер өнертабысты ойлап табуымен қатар оны сауатты сата білу қажеттілігі туралы сөз етті. Сондай-ақ шара барысында үздік жобаларымен топ жарған жас өнертапқыштар, стартапшылар және олардың жұмысын насихаттаған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды.

Хабар 24 телеарнасы