366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда алғаш рет ауыл әйелдерінің форумы өтеді

  • 105
  • UPD: 15:17, 12.10.2018

Қарашаның 8-і мен 9-ы күндері Астана төрінде еліміздің түкпір-түкпірінен нәзік жандар бас қосып, елді мекенде тұратын қыз-келіншектердің әлеуетін арттыру, оларды ынталандыру, жасыл экономикаға тарту жолдарын іздейді.

Бұл жиынға әйелдерден құралған ауыл және аудан әкімдері, фермерлік шаруашылық басшылары, сервис саласындағы шағын және орта бизнес өкілдері, әлеуметтік бюджеттік ұйым жетекшілері, ауыл мектептері мен колледж директорлары қатысып, әрбіреуі өзінің жетістіктері мен тәжірибелерімен бөліседі. Айту керек, бүгінде елді-мкендерде Қазақстан халқының 42 пайызы тұрса, оның жартысынан астамы – әйелдер.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінде әйелдер халқымыздың 52 пайызын құрап отырса, олардың үлесі көп болады деп есептейміз. Қазір шағын және орта бизнесті алатын болсақ, оның көбінде әйелдер жұмыс істеп жүр. Бірақ сол жұмысты біз көрсете білуіміз керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы