360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады

  • 167
Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады

Президенттің қатерлі ісікке қатысты көңіл бөліп, алаңдауы орынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам осы дертке қарсы тұра алмай, көз жұмуда. Жалпы Қазақстанда онкологиялық аурулардың өлім-жітімі жүрек-қан тамыр патологиясынан кейін екінші орында тұр. Биылғы жылдың тоғыз айында осы дертке шалдыққандар саны 5,5 пайызға өсіп, көрсеткіш 179 397 адамға жетіпті. Ал былтыр қатерлі ісікке шалдыққандар 169 489 адам болатын. Қазақстандағы онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, осы ауру түрлеріне жылына 36 миллиард теңге жұмсалады. Сонымен қатар қосымша 4 миллиард теңге тегін онкоскрининг жүргізуге бөлінді. Келесі жылы онкологиялық диспансерлер паркін жаңартуға тағы 35 миллиард теңге бөлу қарастырылған.  

Хабар 24 телеарнасы