360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде мүмкіндігі шектеулі 670 мың адам тұрады

  • 133
  • UPD: 18:09, 12.10.2018
Елімізде мүмкіндігі шектеулі 670 мың адам тұрады gtrk-saratov.ru

Елімізде халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні атап өтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің статистикасы бойынша Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 670 мың адам тұрады. Олардың 13 пайыздан астамы балалар екен. Елордалық №65 гимназия осы күнге орай инклюзивті білім алатын оқушыларға арналған концерттік шара ұйымдастырды. «Жүректен жүрекке» деп аталатын мерекелік концертке вокалды-аспаптық ансамбльдер мен би және балет топтары қатысты. Айта кету керек, 65-гимназияда мүмкіндігі шектеулі 99 бала білім алады.

Нұргүл Елекеева, №65 мектеп-гимназиясының директоры міндетін атқарушы:

– Іс-шараның мақсаты – балалардың қоғамда өз орындары бар екенін көрсету.

Хабар 24 телеарнасы