366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда бауыр циррозы белең алып тұр

  • 127
Қазақстанда бауыр циррозы белең алып тұр

Елімізде бауыр циррозы ауруы асқынып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, бауырдың С гепатиті кеселіне шалдыққандар саны 40 мың адамды құрайды. Бұл жөнінде бүгін Алматыда өтіп жатқан «Бауыр циррозы. Өзекті мәселелер мен емдеу жолдары» атты конференцияда айтылды. Бауыр адам ағзасындағы 500-ден астам түрлі биохимиялық реакцияларды іске асырып, қанды тазалайтын негізгі мүше саналады. Оның ауыруы негізінен алкогольдік ішімдік салдарынан, дұрыс тамақтанбаудан туындайды. Конференцияда білікті дәрігерлер Қазақстанда бауыр ауруларын емдеудегі тәжірибелерін ортаға салды. Қазір бұл істе айтарықтай жетістік бар. Мысалы, биыл вирустық гепатиттің В және С түріне шалдыққан 18 мың науқас заманауи медициналық құрылғылар көмегімен емделді. Бауырды емдеудің дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына сай «Жол картасы» әзірленген. Ол бойынша зертханалық тексеріс сапасын анықтаудың, ауқымды скрининг өткізудің жәненауқастарды тіркеп қадағалаудың жаңа жүйесі енгізілмек. Жалпы кейінгі жылдары Қазақстанда бауыр трансплантациясы сынды аса күрделі операциялар жасалуда. Осы уақытқа дейін елімізде бауыр алмастыру бойынша 200-ден астам ота сәтті жасалған.

Нұркен Желдібаев, хурург-гепатолог:

– Көбінесе бауыр трансплантациясы Қазақстанда туыстардан алынып жатыр. Өйткені мұсылмандық діни ұғымға байланысты қайтыс болған көп адам бере қоймайды. Сондықтан туыстық трансплантация жүреді.

Хабар 24 телеарнасы