360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау портында астық тиеу жұмыстары жалғасын тапты

  • 148
  • UPD: 21:38, 12.10.2018
Ақтау портында астық тиеу жұмыстары жалғасын тапты

2018 жылдың 5-6 қазанында орын алған секундына 18 метрлік желден және Каспий теңізіндегі дауылдан Ақтау портында астық тиеу жұмыстары және стивидорлық қызметі тоқтатылған болатын.

Ауа райының қолайсыздығынан Ақтау станциясы мен станцияға кірер жолда астық артылған мыңдаған астықтасушы вагондар жиналып қалған болатын. Ал 8 қазан күні Ақтау портына жүк тасушы кеме кіргеннен кейін теңіз айлағы өз жұмысын жалғастыра түсті. Ақтау порты арқылы ай сайын 260 мың тонна астық экспортқа жөнелтілуде. Жүк жөнелту «Ақ Бидай» АҚ және «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» АҚ астық терминалдары арқылы жүзеге асырылуда. Екі терминалдың тәулік бойы түсіру мүмкіндігі 150 вагон. Тасымалдау процесінде барлық қатысушылардың жауапкершілігі мен өзара ықпалдастығы астықты терминалдарға қабылдауға және фрахты растауға дайындығын білдіреді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы