360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да Елбасы Жолдауына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

  • 134
  • UPD: 22:23, 12.10.2018

Бірінші қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемі елімізде 1,5 есеге өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өзгерістің шарапатын Шығыс Қазақстандағы 38 мың бюджеттік сала қызметкері көретін болды. Елбасы Жолдауында айтылған маңызды тапсырамалар осылайша қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етпек.

Қазір облыста үндеудегі басымдық берілген міндеттерді түсіндіру шаралары басталып кетті. 

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – Елбасы Жолдауының басты ұстанымы. Бұл тұрғыда әлеуметтік сала әлеуетін арттыру алғашқы орында. Оған тек еңбекақыны көтеріп қана жету мүмкін емес. Алда денсаулық сақтау, білім беру сынды бағыттарды жетілдіру жұмыстары тұр. Бұдан былай мемлекеттік қызметтер мен тұрғын үйлер барынша қолжетімді бола түспек. Өскемендегі «Достық үйінде» өткен жиында Жолдау жайлы ой қозғағандар осыған сенімді. Жалпы құжатта көрсетілген тапсырмаларды іске асыру үшін алдағы 3 жылда елімізде 1 триллион 750 миллард теңге қаражат қарастырылған.

Президент биылғы Жолдауында келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялайтынын мәлімдеді. Бұл – ел болашағына деген Елбасының сенімі.

Равиль Юнусов, қалалық жастар маслихатының депутаты:

– Бұл – үлкен мүмкіндік. Сапалы білім алып, лайықты еңбекақыға жауапты қызмет етуге жағдай жасалып жатыр. Оның үстіне білімді мамандар әрқашан да сұранысқа ие. Баспана алу бойынша да ең қарапайым әрі қолжетімді шаралар қабылдануда.

Шынымен де «7-20-25» бағдарламасымен баспана алу тиімді. Мемлекет бюджеттік сала мамандарына алғашқы жарнаға 1 миллион теңгенің сертификаттарын береді. Ал елдің шығысында 1300 пәтер дайын тұр, оның 600-ден астамы жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.

Авторлары: Э.Ахметова. Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы