365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да «Тақсай ханшайымы» кесенесі ашылды

  • 124
  • UPD: 07:54, 13.10.2018

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында «Тақсай ханшайымы» кесенесі ашылды.

Алтын ханшайым жерленген қорымды батысқазақстандық археологтар 2012 жылдың күзінде тапқан болатын. Қазір «Тақсай ханшайымы» деген атауды иеленген бұл ескерткіш жәдігердің түпнұсқасы Ұлттық музейде сақтаулы тұр. Бірақ, қайтыс болған әйелдің жасы нешеде екені әзірге анықталған жоқ. Қорғаннан табылған заттарды ғалымдар савромат-сармат кезеңінің мәдениетімен байланыстырады. Бұл кешеннің бір ерекшелігі - қорымды ғалымдар тапқанға дейін бірде бір рет тонауға ұшырамаған. Сондықтан жәдігерлер де еш бүлінбеген қалпы жетіп отыр. Айта кету керек, Тақсай қорғаны Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасына өңірден енген 6 нысанның қатарында.

Яна Лұқпанова,  облыстық тарих және археология орталығының аға ғылыми қызметкері:

- Презентация жасадық англия, корея, қытай, әзірбайжан, москваға яғни ближний-дальний зарубежье дейміз, сонда презентация жасап келдік. Ол деген әлемдік деңгейде табылған зат қой. Мына зерттеушілердің бәрі де табылған оны өте маңызды зат деп санайды. 

Мерхат Жұмашев, шаруа қожалығының басшысы: 

- «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында біздің ауданымызда осы кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен үлкен бағдарлама қолға алынған. Өскелең ұрпақ үшін де маңызы бар мәселе. Әрине бұл енді бір кісінің емес, аудан кәсіпкерлерінің күшімен салынған. Ол әрине солардың арқасында осы үлкен мәселе шешілді.

Хабар 24 телеарнасы