366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық мемлекеттік қызметшілердің жалақысы артады

  • 72
  • UPD: 14:08, 13.10.2018

Қарағандылық  мемлекеттік қызкерлердің  жалақысы екі еселенді. Жылдың аяғында берілетін қосымша сыйақы  да 4 жалақыны құрайтын болады.

Осыған орай Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде қызмет етемін деушілердің саны күрт өсіп отыр. Аталмыш мемлекеттік органында жыл басынан бері жаңа төлемақы жүйесі енгізілген. Толығырақ аймақтағы тілшіміз Айнұр Абдиева айтып берсін.

Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде қызмет ететін мамандар,  сапалы қызмет  өмірдің жаңа стилі, ал өз өзімізді  жетілдіру біздің басты қағидатымыз дейді. Мекемедегі мамандардың орташа жасы 30-да.

Әсел Белялова, МҚІСЖҚІА облыстық департаментінің басқарма жетекшісі:

- Бізде қызмет жасайтын әр маман өзінің кәсіби шеберлігін дәлелдеу үшін біліктігін жетілдіріп отырады. Мысалы, бүгінде біздің қатарымыздағы бірнеше маман өз еркімен ағылшын немесе басқа шет ел тілдерін оқып жүр. Бұл қазіргі заманның қажеттілігі болғандықтан, оқып тоқығандарын өз қызметін үздік атқару үшін пайдаланады.

Пилоттық жобаға ілінген департаментте бонустық жүйе енгізіліп отыр.Ол мемлекеттік қызметкердің жыл бойы орындаған дербес жоспарына тікелей байланысты. Яғни сапалы еңбек етіп, жемқорлық әрекеттерді әшкерелеу бойынша көрсеткіштер негізге алынады.

Жандос Сәрсенов, МҚІСЖҚІА облыстық департаментінің  жетекшісі:

- Біздің департаменттің қызметшілері жыл 12 ай бойы жұмыс істеу арқылы өз жұмыстарының сапасын көрсету керек. Себебі олардың мақсаттары жылдың қорытындысы бойынша бонус алу. Бонусты алу үшін қазір мемлекеттік қызметшілер таңертең сағат 9 дан 6 жарымға дейін мүмкіндігінше жұмыс уақыттарын рационалды түрде пайдалану арқылы өздерінің жұмыстарыеыі тиімділігінғ бәсекеге қабілетті екендіктерін көрсетіп тырысып отыр.

Қазір аталмыш департаментте 36 адам еңбек етеді. Тиімсіз шығындарды оңтайландыру және басшылық құрамын қысқарту есебінен төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысы екі және екі жарым есе өскен.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков, Асет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы