360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Амнистия бизнесмендерді құрдымнан құтқарады

  • 101
  • UPD: 13:20, 13.10.2018
Амнистия бизнесмендерді құрдымнан құтқарады

Елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын 67 мың кәсіпкердің мемлекет алдында салықтық қарызы бар.

Олардың үкіметке жалпы берешегі 152,8 миллиард теңгені құраған. Оның ішінде негізгі қарыз 80,3 миллиард теңге. Қалғаны өсім-ақы мен айыппұлдардың үлесінде. Енді кәсіпкерлер бүгінгі жиналған қарызының негізгі бөлігін төлесе, өсімақы мен айыппұлдар рақымшылыққа ілігеді. Бұл қаржылық қиын жағдайдағы кәсіпкерді құрдымға кетуден сақтайды. Сондай-ақ олардың дамуына мүмкіндік беріп, мемлекеттің әл-ауқатын арттыра түседі дейді сарапшы.

Динара Ақынбекова, ЭЗИ салалық талдау орталығы директорының орынбасары: 

- Амнистия барлық кәсіпкерлерге қатысты емес. Яғни амнистияға ілінбейтін кәсіпкерлердің категориясы бар. Ол ірі салық төлеушілер. Жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделетін өнімдерді, тауарларды өндірушілер және жалған кәсіпкерлер. Оларға бұл амнистия оларға таралмайды.

Хабар 24 телеарнасы