365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауыл шаруашылығы серіктестіктері технология арқылы өнімділікті арттыруы шарт

  • 103
  • UPD: 14:32, 13.10.2018
Ауыл шаруашылығы серіктестіктері технология арқылы өнімділікті арттыруы шарт

Еліміздегі шаруа қожалықтарының тек 10 пайызға жуығы жаңа технологияларды қолданып, еңбек өнімділігін едәуір арттырып отыр.

Енді саладағы қалған серіктестіктер де заманауи бағытқа бейімделіп, бірыңғай кооперативке бірігуі шарт. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының өкілдері осылай дейді. Жалпы Елбасы жолдауында ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2 жарым есе арттыру жөнінде тапсырма берілді. Сала жұмысына қосымша қаражат бөліп, шаруа қожалықтарын түгелдей жаңа технологиямен қамту да міндеттелді. Осы ретте жауапты министрлік бизнес шығындары мен инновацияны енгізу ісіне субсидия бөлуді көздеп отыр.

Болатхан Махатов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарушы директоры:

- Ауыл шаруашылығымыз нақты көтеріліп келе жатқанда елбасымыз нақты тапсырма қойып отыр. Біреуі қаржыландыру көзін құр шашыратып жіберетіндей емес, озық технологиялар енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру керек. Шағын шаруашылықтар үлкен қаражатты жұмсай алатындай шамасы келе ма? Осы мәселені шешу үшін кооперацияны көтеріп жатырмыз. Сол арқылы бастарын біріктіру арқылы ол жерге озық технологияны апаруға болады.

Хабар 24 телеарнасы