360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада қалта телефонын сататын сауда орындары тексерілді

  • 99
  • UPD: 14:32, 13.10.2018
Астанада қалта телефонын сататын сауда орындары тексерілді

Астана полициясы ұрланған 6 және жоғалған 3 ұялы телефонды иелеріне қайтарды.

«12 қазанда полицейлер ұрланған заттар сатылуы ықтимал орындарда рейд жүргізді. Бұл тұрғыда «Артем» сауда үйінің аумағында ұялы телефондар сатылатын және жөнделетін орындар тексерілді. Бұл шара телефон, планшет және ноутбуктердің ұрлығына тосқауыл қою үшін қабылданатын жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды», - делінген Астана ІІД таратқан хабарламада. Белгілі болғандай рейд барысында полицейлер 144 бутикті тексерді, оның ішінде 75 жөндеу шеберханасы бар. Шара барысында тиісті құжаты жоқ сегіз жүзге жуық гаджеттер мен оларды жөндеуге арналған бөлшектер анықталды.

Сонымен қатар ұрланған 6 және жоғалған 3 ұялы телефон иелеріне қайтарылды. Мұнымен қоса тиісті уағдаластықтарға сәйкес, телефондар мен гаджеттердің IMEI-кодтарын полицейлер тексеру үшін жақын шетелдерге жібереді. Осы орайда Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және басқа елдер қамтылады.

«Атап айтсақ, ұйымдастырылған алдын алу шарасы барысында аталған тауарларды сатушылар тарапынан дұрыс түсіністік болды. Сәйкесінше тексеру кезінде полицейлерге қатысты олар ешқандай ескерту жасамады», - деп атап өтілген хабарламада.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы