366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда үнді тауарларының көрмесі ашылды

  • 98
  • UPD: 15:30, 13.10.2018

Бұл шара  9 жылдан бері  Атакент көрме орталығында  дәстүрлі түрде ұйымдасытырылып келеді.

Жылына екі рет өтетін ауқымды шараға  бұл жолы Үндістаннан  50 компания келіп қатысып жатыр.  Биыл  келушілерге арнайы ұтыс  билеттері үлестіріліп, түрлі  сыйлықтар тарту етілмек.

Көрме  залына кірген сәттен бастап, үнді мәдениеті келушілерге керемет әсер қалдырады. Мың бұралған бишілер қонақтарды әсем биге үйіріп әкетсе, алматылық бикештер табиғи қынадан әдемі өрнектер суретін салғыза алады.

Райя Шәпиева, Алматы тұрғыны:

- Бұл жерде шайлары тамаша онан кейін мынау әйел  адамға тағыншақтардың барлығы керек қой.  Қазіргі уақытта  заманауи нәрсе ғой мұның барлығы тағынатын, соны алуға келеміз. Иістен бірден білесің. Индия келді, барайық көрейік, алайық анау-мынау керек дүниелерді.

Көрмеде үнді тауарларының сан түрі бар. Қолдан тоқылған жібек кілемдер, қыз–келіншектерге арналған әшекей бұйымдар, шаш, бет күтіміне арналған табиғи косметикалық өнімдерден бастап, асүйге арналған жабдықтар, түрлі дәмдеуіштер мен тик ағашынан жасалған үй жиһаздары көздің жауын алады.  

Рашит Мохммад, үнді тауарлары көрмесінің ұйымдастырушысы:

- Қазақстанға  Үнді тауарларын әкелу арқылы, бай мәдениетіміз бен салт-дәстүрімді таныстырамыз.  Меніңше,  осындай халықаралық деңгейдегі мәдени-сауда қарым қатынастары ынтымақтастығымызды  арттыруға ықпал етеді. Әдетте қазақстандықтар үнді шайын жақсы көреді.көрмеге сол үшін келеді. Бұл бізді қуантады. 

Шараны ұйымдастырушылар қонақтарға биыл ерекше сый әзірлепті. Осында келіп, 5 мың теңгеге сауда жасаған 100 тұтынушыға тұрмыстық техника, кір жуатын машина, тоңазытқыш және өзге де үнді тауарлары  табыс етіледі.  Үнді тауарларының көрмесі 21 қазанға дейін жалғасады.

Авторлары: Индира Оразалинова, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы