366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада онкологиялық орталық құрылысы келер жылы басталады

  • 103
  • UPD: 17:18, 13.10.2018
Астанада онкологиялық орталық құрылысы келер жылы басталады

Нұрсұлтан Назарбаев кеше ғана тұжырымдамасын мақұлдаған ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы келер жылы басталады.

Медициналық мекеме 200 орынға шақталады деген жоспар бар. Жілік майын ауыстыруға мұқтаж адамдар үшін арнайы 70 орын беріледі. Жалпы, орталықта жылына 8 мың азамат ем-дом қабылдай алады деп күтілуде. Кейін жаңа нысанға Америка, Жапония, Еуропа, Оңтүстік Кореяның қатерлік ісікті емдеудегі озық технологиясы мен тәжірибесін енгізу көзделген.

Мұхтар Төлеутаев, қалалық онкологиялық орталықтың бас дәрігері:

- Елордада ұлттық ғылыми онкоорталық болуы керектігі айтылды. Бұл өте маңызды. Аса қажет. Оның ішінде заманауи технологиялар болады. Өте маңызды емдер жасалады.

Хабар 24 телеарнасы