365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр

  • 99
  • UPD: 17:35, 13.10.2018
Маңғыстау облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр

Осылайша ауыл шаруашылығы басқармасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Елбасы жолдауын жүзеге асыруға кірісіп кетті.

Мемлекет басшысы саладағы қайта өңделген өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту тапсырған. Ол үшін мемлекеттің қолдауы арқылы салаға озық әдіс пен соны технологияларды әкелуді жүктеді. Түзіліп жатқан тың бағдарламада осыған баса мән берілмек. Шөлейтті өңірде көп ұзамай жылыжай шаруашылығы мен түйе шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар жоба жүзеге асырылмақ.

Нұрбек Қарасаев, «Атамекен» ҰКП облысы бойынша басшысы:

- Бізде «Атамекен» микронесие жүйесі арқылы өткен жылы 157 жоба қаржыландырылған болса, бүгінгі күнге 200-ден астам жобаны қаржыландырамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұлардың барлығы осы ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Оның ішінде өңдеу салалары, ет өңдеу, сүт өнімдерін өңдеуге байланысты да үлкен жобалар бар.

Хабар 24 телеарнасы