360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында түйе сүтінен дайындалған өнімдер Астана нарығына шығарылады

  • 102
  • UPD: 19:12, 13.10.2018
Маңғыстау облысында түйе сүтінен дайындалған өнімдер Астана нарығына шығарылады

Елімізде алғаш рет Маңғыстау облысында түйе сүті өңделіп, халыққа табиғи түрде ұсыныла бастады.

Жыл басында Түпқараған ауданында іске қосылған зауыт пастерленген түйе сүтін шығаруға көшті. Алдағы аптада 10 тоннадай ойсыл қара сүті мен одан жасалған өнімдер Астана нарығына жол тартады. Кәсіпорын басшылары өндіріс көлемін арттыру үшін енді «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының көмегіне жүгінбекші. Елбасының бағдарламаны тағы 5 жылға ұзарту туралы бастамасын жергілікті кәсіпкерлер қуана қолдап жатыр.

Асхатжан Ыбыраев, сүт зауытының директоры:

- Президенттің жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын тағы 5 жылға ұзаратынын айтты. Мұны естіп қуанып жатырмыз. Себебі, бұл бағдарлама кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Біз де «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының көмегін көрдік. 300 миллион теңге несие алып, оның 10 процентін мемлекет субсидиялады. Оның көмегімен біз зауытымызды жақсы дамытып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы