360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық нарыққа сапалы өнім қажет

  • 107
  • UPD: 19:25, 13.10.2018
Отандық нарыққа сапалы өнім қажет

Елбасы биылғы жолдауында «Біздің сауда саясатымызда селқостық болмауы тиіс.

Халық тұтынатын тауарлардың ауқымды номенклатурасын игеріп, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектесу қажет», – деген болатын. Бұл қолдау экспорттық әлеуетті арттырумен қатар ішкі нарықты сапалы өнімдермен қамтамасыз ету үшін де ауадай қажет. Талдықорғандағы құрылысқа қажетті құрғақ қоспалар шығаратын зауыттағылар «біздің басты міндетіміз – сапалы өнім өндіріп, шетелдік әріптестерімізбен арадағы бәсекелестікке төтеп беру», – дейді. Бұл кәсіпорын күніне 50 тонна құрғақ қоспа шығарады. Швейцария мен неміс технологиясы бойынша жұмыс істейтіндіктен, өнімнің сапасы еуропалық стандарттарға сай. Қажетті шикізаттың 80 пайызы отандық. Гипс пен химиялық қоспалар ғана өзге елдерден тасымалданады. Сондықтан мұнда өндірілетін құрғақ қоспалардың бағасы шетелдік өніммен салыстырғанда 30-40 процентке арзан. Кәсіпорын алдағы жылы лак пен әрлеуге арналған сұйық құрылыс материалдарын шығаратын жаңа зауытты іске қосуды жоспарлап отыр.

Сайлау Ахметжанов, кәсіпорын басшысы:

- Көңілімізден шықты. Орта және шағын кәсіпкерлікке көп көмегі тиіп жатыр. Бұрынғыдай тексерістер азайып, жұмыс істеуге кедергі келтірмейді. Сол жағынан да жақсылықтар көріп жатырмыз. Елбасы шет елден көрген реформаларды әкеліңіздер деп айтып жатыр. Бұл осы біздің құрылысшыларға, үкіметіміздің бюджетіне, экономияға қосқан үлесіміз сияқты болар еді.

Хабар 24 телеарнасы