366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 80 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді

  • 89
  • UPD: 21:59, 13.10.2018

Ол жерлерде жүз мыңдаған ел азаматы нәпақасын айырып жүр.

Президент ұсынған салық амнистиясы әуелі сол қарапайым халықты қолдауды көздейді.

Ілгекті арматура, электротехникалық және сорғы құралдарын шығарумен айналысатын мекеме – шығыстағы маңдайалды кәсіпорындардың бірі.  Қазір 240 адамды жұмыспен қамтып отыр. Енді өнім көлемін арттырып, экспортқа ден қоймақ. «Президенттің биылғы жолдауы ісімізді дөңгелетуге үлкен серпін беріп отыр», – дейді бұндағы басшылық. Сондықтан салық амнистиясын асыға күтуде. Өйткені көп жағдайда болмашы қате үшін біршама айыппұл жиналып, ол аз десеңіз, жеке шоттарын бұғаттап тастайтын кездер де аз емес екен.

Зоя Новолодская, компанияның даму бойынша директоры:

- Егер шоттар бұғатталса, бизнестің де тұралап қалатыны белгілі. Ол кезде салған ақшаңыз ақталмай шығынға бата бересіз. Тіпті бұның соңы банкротқа ұшыраумен де аяқталуы мүмкін. Сондықтан салық амнистиясы осындай үлкен келеңсіздіктердің алдын алады.

Облыстағы Мемлекеттік кіріс департаменті берген мәліметке сәйкес, жалпы өңірдің салық алдындағы қарызы 39 миллиард теңге. Бұл 44 мың берешек бар дегенді білдіреді. Қордаланған өсімақы мен айыппұл көлемі де аз емес.

Азамат Жақиянов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- Облыс бойынша жалпы 13,5 миллард теңгенің өсімақысы тұр, бұл 35 мың борышкерге тиесілі, ал айыппұл сомасы 1,5 миллард теңге. Бұл көрсеткіш 943  кәсіпорынға қатысты. Әзірге аталған шара нақты кімдерді қамтитыны белгісіз, тек белгілі нұсқаулықтардан соң ғана қалай іске асырылатыны анықталатын болады.

Енді салық амнистиясы жыл аяғына дейін заң шеберінде қамтылып бекітілуі тиіс. Айыппұлдар мен өсімақылардан арылған бизнестің екінші тынысы ашылары сөзсіз. Бұл отандық өнім көлемін арттырып, тұрғындардың табысты өмір сүруіне ықпал етеді. Президенттің биылғы жолдауындағы негізгі мақсат та осы – халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, әл-ауқатын арттыру.

Авторлары: Э.Ахметова, Д.Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы