366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі ең үлкен кинотеатр Алматыда ашылады

  • 143
  • UPD: 21:57, 13.10.2018

Жеті жылда кинотеатрлар желісіне айналған Chaplin Cinemas-тің қазір Астана мен Алматы қаласында төрт бөлімі жұмыс істейді.

Туған күнін тойлаған компания тұрғындардың көңілін бір көтеріп тастады.

Жеті жыл бұрын алғашқы кинотеатрын ашқан Chaplin Cinemas бүгінде екі қалада төрт бөлімі бар желіге айналды. Компания құрылған күніне орай көрермендерді ерекше ықыласпен күтіп алды. Келушілерге мерекелік торт сыйлап, концерттік бағдарлама әзірледі. Кинотеатр желісінің бас директоры Бақытжан Мұсатаевтың айтуынша, кинотеатр көрермендердің көңілінен шыққанда ғана өркендейді.

Бақытжан Мұсатаев, Chaplin Cinemas кинотеатр желісінің бас директоры:

- Chaplin кинотеатры көрермендерге деген ыстық ықыласқа құрылған. Біздің басты мақсатымыз – көрермендердің кинодан тамаша әсер алуына жағдай жасау, көрсетілетін қызметтің жоғары деңгейде болуы. Оған қоса кино саласындағы барлық жетістіктерді бірінші болып жеткізуіміз керек.

Chaplin Cinemas кинотеатр желісі бесінші кинотеатрын Алматыда ашпақ. Компания басшыларының айтуынша, бұл еліміздегі ең үлкен кинотеатр болады. Өйткені мұнда жалпы саны 15 кино залы жұмыс істейді. Айта кетейік, аталған желінің бес кинотеатры толықтай 3D форматында қызмет көрсетеді.

Дмитрий Кириенко, Chaplin Cinemas кинотеатр желісінің коммерциялық директоры:

- Бұл еліміздегі ең үлкен кинотеатр болмақ. Өйткені эконом санаттағы залдар көлемі жағынан өте үлкен болады. Оған қоса VIP санаттағы және балаларға арналған залдар да қарастырылған. Жаңа кинотеатр соңғы үлгідегі технологиямен қамтылмақ.

Жеті жылдығын тойлаған кинотеатр желісі көрермендерді сыйлықсыз қалдырмады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген тұрғындар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара эстрада өкілдерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы