365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана әкімдігі коммуналдық қызмет пен мердігерлердің қысқа дайындығын тексерді

  • 119
  • UPD: 23:00, 13.10.2018
Астана әкімдігі коммуналдық қызмет пен мердігерлердің қысқа дайындығын тексерді

Бүгін комиссия Астана әкімінің басшылығымен қарлы маусымның басталуына орай қаланың дайындығы қалай екендігін тексеріп шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Комиссия көшелер мен жолдарды жинайтын екі ірі мердігерлік ұйымның – «Астана тазалық» және «Астана Зеленстрой» АҚ техникаларын көріп шықты. Екі компанияның да паркі 400 мамандандырылған техникадан асады. Компания басшылығы барлық техниканың қысқы маусымның басталуына дайын екендерін жеткізді. Қызметкерлер штаты да жасақталған. 

Қар жауған күндері көшеге Есіл ауданы бойынша 526 бірлік техника, Байқоңыр ауданында – 177, Сарыарқа ауданында – 437, Алматы ауданында 452 техника шығуға дайын. Қазіргі таңда қаланың жаңа көшелерін есепке ала отырып, маршрут пен Астана жолдарын тазалаудың режимін қайта қарастырылуда.

Шығатын тас жолдарда және қатты қар жауған кезде пайдаланылатын арнайы роторлар да қысқы маусымға дайын. Астана басшылығы қатысқан жиында аудан әкімдері, мердігерлік ұйымдар, қаланы санитарлық тазалауға кіріскендер мердігерлік ұйым өкілдерінің есебін және аудан әкімдерінің қысқы маусымға дайындығы туралы тыңдады. «Бізге толықтай дайын тұруы керек, – деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов. – Коммуналдық қызметтер сағат сияқты жұмыс істеп тұруы керек, қалалықтар ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда жайсыздық сезінбеуі тиіс».

Бұдан басқа, Б. Сұлтанов қаланы санитарлық тазалауға кірістірілген мердігерлік ұйымдармен келісімшартты жаңа форматқа ауыстыру туралы мәселені қайта қарауды тапсырды (бүгінде олар нарықтың 50% құрайды).

Хабар 24 телеарнасы