365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Төле биге арналған телефильмнің түсірілімі аяқталуға жақын

  • 233
  • UPD: 15:15, 14.10.2018

Түркістан облысында Төле бидің өмірі және қызметі туралы тарихи телефильмнің түсірілімі аяқталуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кинолентаның бас режиссері Батырхан Дәуренбектің айтуынша, бұл – кішкентай ұлдың дана әрі әділ төрешіге және ұлы биге қалай айналғаны туралы баяндайтын 10 сериялы туынды. Картина келесі жылдың сәуір айында көрсетіле бастайды.

Бұл шайқас Ордабасы елді мекенінде 18 ғасырда өткен. Абылай басқарған қазақ батырларының әскері жоңғарларды талқандап, соққы береді. Қолбасшының өзі жаудың әскерін басқарған Шарышпен жекпе-жекте кездеседі. Бұл – қазақтың ұлы биі Төле туралы фильм көріністерінің бірі. Оны түсіруге 70-ке жуық адам жұмылдырылған.   

Көріністі жасаушылар Төле бидің өмірін боямасыз қаз қалпында көрсетпек. Сондықтан түсірімді бастамас бұрын олар бас кейіпкердің өмірбаянын, оның тұлғасын, тарихи оқиғаларды, киімдерді, қару-жарақтпен сауыт-саймандарды да қаз қалпында көрсетуді алға қойған. Тіпті сол дәуірдің жылнамасын мұқият меңгеруге тура келді.  

Батырхан Дәуренбек, фильмнің бас режиссері:

– Төле бидің шын мәнінде қандай дана әрі әділетті саясаткер болғанын көрсеткіміз келеді. Ол тоғыз жасында-ақ дұрыс шешімдер қабылдап, соның арқасында «бала би» атанған. Әрі қарай оның қалай өскенін, адамдарды татуластырып, қантөгісті тоқтата алатын ұлы биге айналғанын көрсетпекпіз. Фильмде қайғылы оқиғалар, аштық, өзара тартыс, жер даулары бар. Біз Төле бидің әрқашан әділ шешім табатынын көреміз.

Сағындық Жұмаділ, басты рөлде ойнаушы:

– Ол біріншіден, данышпан, ал данышпан адамның тұлғасын сомдау әрқашан қиын. Неге? Себебі оның сан қырлы ұлылығын, ақылдылығын жай ғана сөздермен жеткізуге болмайды. Оны сезіну керек, басыңнан өткеру керек. Бұл тұрғыдан алғанда, рөлді ойнау және осындай бейнені сомдау қиын.

Сериалды жасау мақсатында, атап айтқанда,  көрермендерге «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі, ұлы би туралы баяндау және шынайы адами құндылықтарын көрсету үшін ортақ идеяға біріккен үлкен ұжым жұмыс істеуде.

Сатыбалды Нарымбетов, көркемдік жетекші:

– Бізде ежелден келе жатқан мәтел бар: «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Дауды шын тоқтатады, сөздің күші туралы фильм.

Көріністердің негізгі бөлігі Төле би ауданында, бір бөлігі Қапшағайда және Түркістанда түсірілді, ал қазір түсіру тобы «Ордабасының» етегінде жұмыс істеп жатыр. Мұнда соғыс сюжеті бар ең күрделі көріністер түсірілуде. Тағы бірнеше оқиғаны Ташкентте түсіру жоспарланып отыр. Сондықтан қараша айына қарай фильмнің түсірілімі толық аяқталмақ.  Ал авторлар өз идеяларын қаншалықты іске асыра алғандығын көрермендер алдағы жылдың сәуір айында бағалай алады.

Авторлары: Наталья Цой, Нұрмахан Мусатов және Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы