376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында майлы дақылдарды терең өңдейтін кешенді кәсіпорын салынады

  • 569
  • UPD: 07:40, 15.10.2018
Қостанай облысында майлы дақылдарды терең өңдейтін кешенді кәсіпорын салынады

Келер жылы Тобыл өңірінде бұрын-соңды болмаған инвестициялық мегажоба жүзеге асады.

Атап айтсақ, дәнді және майлы дақылдарды терең өңдейтін кешенді кәсіпорын құрылысы басталады. Қостанайда өткен инвестициялық форумда қытайлық компаниямен осы жобаның жол картасы қабылданды. Жақында ашылған Беларусь тракторларын құрастыратын зауыт басшылығы да өндірісті кеңейте түспек ойда. Олар техниканың жеке бір бөлшектерін ғана емес, бүтін бір құрамын осында жинауды жоспарлап отыр. Қазір мұнда 30 адам еңбек етеді. Алға қойған мақсаттары орындалса, 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Аталған өндіріс ошақтары индустриалдық аймақта орналасады. Бұдан бөлек мұнда жеңіл автокөліктер құрастыратын, тас, ағаш өңдейтін, әрлеуге арналған плиткалар шығаратын кәсіпорындарды іске қосу межеленіп отыр. Міне, осындай нақты жобалар айқындалған 19 меморандумға екіжақты қол қойылды. Оның жалпы сомасы 251 миллиард теңгеге тең.

Мейіржан Мырзалиев, облыс әкімінің орынбасары:

- Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қостанай қаласындағы индустриалдық аймақта бидай дақылдарын терең өңдеу бойынша зауыт құрылғалы жатыр. Жалпы айтқанда, 600 мың тонна бидай өңделеді, 1 миллион тонна комбикорм шығарылады, жалпы 200 мың тонна май дақылдарын өңдеу қарастырылған. Шығарылған тауардың бәрі Қытайға экспортқа кетеді.

Хабар 24 телеарнасы