384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ет өнімдері қымбаттады

  • 559
  • UPD: 09:32, 15.10.2018
Елімізде ет өнімдері қымбаттады

Елімізде азық-түлік тауарларының бағасы артты.

Қыркүйектегі деректерге сүйенсек, баға өткен жылғы көрсеткіштен 6 пайызға көп. Әсіресе алкогольді ішімдіктер – 10,9%, сүт өнімдері – 9,3%, балық және теңіз өнімдері 6,8%-ға қымбаттаған. Кондитерлік өнімдер, тоқаш, қант және макарон өнімдерінде де қымбатшылық байқалады. Ал ет және ет өнімдеріне баға өсімі 6,9%-ды құрады. Атар болсақ, жылқы еті – 9,5%, шұжық өнімдері – 7,5%, сиыр еті – 7,3%, қой еті 5,9%-ға қымбаттаған.

Хабар 24 телеарнасы