383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің басым бөлігінде күн суытып, қар жауады

  • 857
  • UPD: 10:16, 16.10.2018
Еліміздің басым бөлігінде күн суытып, қар жауады Zakon.kz

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашында болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

«Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа райында өзгеріс болмайды. Орал аймағынан бірінен соң бірі жылжып келе жатқан ауа ағындарының ықпалында болады. Сондықтан да республика облыстарының көпшілігінде жаңбыр, қар жауады, оңтүстіктегі тауларда және оңтүстік-шығыста кей жерлерде күшті жауын-шашын, көктайғақ болады, тұман түседі», - делінген хабарламада.

Көп өңірлерде ауа температурасы түнде 0 градустан минус 8°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз 0,...+8, оңтүстік облыстарда +2...+13 айналасында болады.

«Бұл климаттық нормадан 3...6°С төмен», - дейді синоптиктер.

Хабар 24 телеарнасы