383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұшақпен сапарлайтын қазақстандықтар саны артты

  • 444
  • UPD: 15:45, 15.10.2018
Ұшақпен сапарлайтын қазақстандықтар саны артты КазТАГ

2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша әуе көлігі жолаушыларының саны 13%-ға өскен.

Ішкі нарықта жиілігі жағынан ең алда тұрған бағдар - Алматы-Астана-Алматы болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz зерттеулеріне сілтеме жасап.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында әуе көлігі жолаушыларының саны - 5,5 млн адам болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға артық.

Қазақстандағы көлік кәсіпорындарының кірісі 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1,8 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде әуе көлігі кәсіпорындарының табысына - аталмыш көрсеткіштің 12,2%-ы, яғни 224,8 млрд теңгесі (бір жылдың ішіндегі өсім - 18,1%) тиесілі.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау және багаж қызметінен түскен табыс аса көп емес - барлық соманың 0,001%-ы ғана осы қызметке тиесілі.

Ал Азаматтық авиация комитетінен хабарланып отырғандай, ішкі нарықтағы халық ең көп ұшатын әуе бағыты - «Алматы - Астана - Алматы». Бұл маршрут бойынша екі бағытқа 4 әуе компаниясы («Эйр Астана», «SCAT», «Бек Эйр», «Qazaq Air») аптасына 274 рейс орындайды. Орта есеппен Астанадан Алматыға және кері ұшуға болатын күнделікті 19 рейс бар.

Екінші халық көп ұшатын бағыт - «Алматы - Шымкент - Алматы». Бұл маршрут бойынша екі бағытқа 4 әуе компаниясы («Эйр Астана», «SCAT», «Бек Эйр», «Qazaq Air») аптасына 62 рейс орындайды.

Үшінші орында - Астана - Шымкент - Астана маршруты. Бұл бағытта 3 әуе компаниясы («Эйр Астана», «SCAT», «Бек Эйр») аптасына 60 рейс орындайды.

Қазақстан Республикасында халықаралық нарықта жолаушы тасымалдайтын 25 шетелдік және 2 қазақстандық әуе компаниясы бар. Халықаралық бағытта ең көп қолданылатын - «Алматы - Мәскеу - Алматы» маршруты. Бұл бағытқа екі әуе компаниясы («Эйр Астана», «Аэрофлот») аптасына 60 рейс орындайды.

Үшінші орында - «Алматы - Ыстамбұл - Алматы» маршруты. Бұл екі бағытқа екі әуе компаниясы («Эйр Астана», «Turkish Airlines») аптасына 34 рейс орындайды.

Хабар 24 телеарнасы