384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі жедел жәрдем қызметінің сапасы қандай?

  • 1148
  • UPD: 23:27, 15.10.2018
Еліміздегі жедел жәрдем қызметінің сапасы қандай?

Жыл сайын жедел жәрдемге жүгіну көрсеткіші 3,3 процентке өсіп, жылына 300 мың шақыртуға артып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда шұғыл медициналық көмекке жүгінетіндердің 40-қа жуық проценті – созылмалы ауруы бар науқастар. Осыған байланысты, 4-санатқа жатқызылған пациенттерге көрсетілер қызмет жергілікті емханаларға тапсырылғалы, шұғыл шақыртулар саны 6,1 процентке қысқарған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Олардың айтуынша, аталмыш шешім жедел жәрдем қызметінің сапасын жоғарылатып, 1,2,3 санаттағы науқастарға шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тарапынан да отандық станцияларға жыл басынан 22 млрд 400 млн теңге аударылған. Сондай-ақ биыл кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде жергілікті бекеттермен 31 млрд 500 млн теңге көлемінде келісімшарт бекітілді. Қызметкерлерге жалақыны дер кезінде төлеу мәселесі де кезең-кезеңмен шешіліп келеді. Жүргізушілер тарапынан медициналық көліктерге жол беру көрсеткіші де едәуір жақсарған.

Бауыржан Жүсіпов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы:

– Жедел медициналық жәрдемді модернизациялағаннан кейін кешігу проценті 8-ден 6 процентке азайды.

Хабар 24 телеарнасы