377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 65 мың адамның жалақысы артады

  • 479
  • UPD: 10:41, 16.10.2018
Оралда 65 мың адамның жалақысы артады

Мемлекет Басшысы биылғы жолдауында ең төменгі жалақыны бір жарым есеге, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін көбейтуді тапсырып, жалақының жаңа мөлшері еңбекақы өсімінің катализаторына айналуы тиістігін атап өтті.

Орал өңірінде жаңа жылдан бастап, барлық салада еңбек ететін 65 мың қызметкердің жалақысы 35 пайызға өспекші. Елбасының бастамасын қолдаған кәсіпорындардың қатарында кеме жасау зауыты да бар. Отандық кеме жасау ісінің көшбасшысы саналатын өндіріс орнында еліміз егемендік алғаннан бері 30-ға жуық кемелер мен катерлар құрастырылды. Дәл қазір мұнда су ығыстыру салмағы 300 тонналық «Барыс» үлгісіндегі кезекті кеме жасалуда.

Үмбет Саметов, дәнекерлеуші:

- Осы зауытта жасағаныма 25 жылдай болды. Біз Елбасымыздың жолдауын естіп, қуанып жатырмыз.  Жұмысшылардың табыстарын келесі жылы көтереміз дейді, оған да қуаныштымыз. Тұрғын үй мәселесін жеңілдетіп жатыр.»

Вячеслав Валиев, зауыт директоры:

- Біздің зауытта 830 адам еңбек етеді. Орташа жалақы былтыр 170 мың теңгені құраса, биыл одан сәл аздау болып тұр. Бірақ келер жылы мемлекет тарапынан қомақты тапсырыс күтіп отырмыз. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Елбасы Жолдауына сай келешекте жалақы көлемін арттыру жоспарымызда.

Хабар 24 телеарнасы