389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 194 өтінім қолдау тапты

  • 503
  • UPD: 13:35, 16.10.2018
Маңғыстауда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 194 өтінім қолдау тапты

Маңғыстауда 910,5 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін іс жүзінде 1,0 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету облыс бойынша 1 тұрғынға 22,4 шаршы метрді құрайды (ҚР бойынша – 21,6 шаршы метр). Пайдалануға берілетін тұрғын үйлер көлемінің қарқыны жыл сайын 10%-ға өсіп отырса және халық саны 3%-ға өссе, тұрғын үймен қамтамасыз етілу көлемі 2025 жылға 1 тұрғынға 30 шаршы метрді құрайды.

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы негізінде екінші деңгейлі банктермен 1,6 млрд теңгеге 194 өтінім қолдау тапты, - деді басқарма басшысы.

Аталған бағдарлама аясында 700,0 млн теңге бағыттау жоспарлануда. Нәтижесінде Маңғыстау облысындағы халықтың 1000 шақты пәтерді сатып алуға несие алу қолжетімділігін жақсартады. Қосымша несиелер тұрғындарға қайтарымдылық, ақылылық және мақсатты пайдалану негіздерінде беріледі. Қосымша несиенің жылдық мөлшерлемесі 7%-дан аспайды, несие мерзімі – 3 жыл.

Авторы: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы