387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жұмыссыздық 4,9 процент деңгейінде сақталып отыр

  • 479
  • UPD: 14:59, 16.10.2018

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарындағы өнеркəсіп кенжелеп тұр.

Аталған өңірлерде мұнай, газ және уран кенін игеру күрт төмендеген. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында айтты. Оның сөзінше, Атырау, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облысы керісінше бұл салада көш бастап келеді. Соңғы 9 айды түйіндеген ведомство басшысы жалпы ішкі өнімнің 4,1 пайызға дейін жеткенін хабарлады. Инфляция деңгейі өзгеріссіз. Бұл көрсеткіш 5-7 пайыз шамасында.  Ал кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі артып отыр. Құйылған қаражат көлемі 21 пайызға өскен. Министрдің хабарлауынша, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жұмыспен қамту салаларында да өсім бар. Жыл басынан бері 414 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздық деңгейінде сақталуда. Ал орташа жалақы көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 158 мың теңгені құраған.

Хабар 24 телеарнасы