380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада үнді тоқымасының көрмесі ашылды

  • 491
  • UPD: 10:00, 17.10.2018
Астанада үнді тоқымасының көрмесі ашылды elorda.info

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде дәстүрлі үнді тоқымасының көрмесін ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің Свами Вивеканда атындағы Мәдени орталығы Ұлттық музеймен бірлесіп «Вастрам: үнді тоқымасының әсем әлемі» атты дәстүрлі үнді тоқымасының көрмесін ашты», – делінген хабарламада.

Көрме Мохандас Карамчанд Гандидің (1869-1948) туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралардың бірі болып табылады.

Дәстүрлі үнді тоқымасының көрмесін әйгілі суретші және модельер Шелли Джоти арнайы Үндістанның мәдени байланыстар кеңесі үшін әзірлеген. 

Көрме 2018 жылдың 25 қазанына дейін жалғасады.

 
Хабар 24 телеарнасы