386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде оқушы туберкулездің ашық түрімен ауырған: Дәрігерлер пікір білдірді

  • 419
  • UPD: 13:43, 17.10.2018
Ақтөбеде оқушы туберкулездің ашық түрімен ауырған: Дәрігерлер пікір білдірді © knews.kg

Ақтөбеде туберкулездің ашық түрімен ауырған бала қоршаған ортаға зиянын келтірмеген.

Бұл туралы Ақтөбе облысының бас фтизиатры Ерлан Тәтімов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол төртінші сынып оқушысының туберкулездің жабық түрімен ауырғанын айтты.

«Бұл жағдай қалыпты нәрсе. Балада «Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі» екені анықталды. Ол оқшауланды, қоршаған ортаға зиянын келтірмеген және келтірмейді де. Бүгінгі таңда ем алып жатыр. Бұл бірінші санат, туберкулездің жеңіл формасы. Сондықтан бұл жағдайға акцент қоюдың қажеті жоқ. Бұл мектепте кімге мантудың сынамасы салынып жатса, ол - жоспарлы манту тексерісі, жыл басында жүргізілетін балаларды тексеру шарасы», - деді Ерлан Тәтімов.

Брифингте қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тарапынан мектепте карантин жарияланбағаны айтылды. Алайда мектеп директорының орынбасары бұған дейін 3 қазаннан бастап карантин жарияланғаны туралы мәлімдеді. «Бұл мектепте карантин жарияланған жоқ. Мектептің карантин жариялайтын өкілеттігі жоқ», - деді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде туберкулездің ашық түрімен ауырған баланың мектепке барып жүргені хабарланды. Мектеп директорының орынбасары 3 қазаннан бастап карантиннің жарияланғанын және оқушылардың шұғыл түрде анализ тапсырып жатқанын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы