383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

  • 342
  • UPD: 17:12, 17.10.2018
Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды RostovGazeta

Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

18 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с жел соғады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және боран соғуы мүмкін. Петропавлда 18 қазанда солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с жел тұруы мүмкін. Көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысында 18 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 25 м/с болады деп күтіледі. Өскеменде 18 қазан күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұруы мүмкін. Семейде 18 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтілуде.

18 қазан Қостанай облысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел, тұман, көктайғақ, боран болуы мүмкін.

18 қазан Қызылорда облысының кей жерлерінде батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с, тұман, көктайғақ болады.

Ақпарат көзі: kazhydromet.kz

Хабар 24 телеарнасы