386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Жолдауы бизнестің дамуына тың серпін береді

  • 247
  • UPD: 18:13, 17.10.2018
Елбасы Жолдауы бизнестің дамуына тың серпін береді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды тапсырды.

Петропавлдық кәсіпкер Виталий Анисифоровтың сөзінше, бұл шағын және орта бизнестің дамуына тың серпін береді. Айтуынша, қазір әсіресе статистикалық есептер көбейіп кеткен. Іскер азамат ай сайын 6 құжаттан тапсырады. Қағазбастылықтан кей кездері есеп беріп үлгірмей қалады екен. Салдарынан қомақты айыппұл төлеуіне тура келеді. Айта кетейік, кәсіпорында бұл жұмысты тек бір есепші жүргізеді.

Виталий Анисифоров, кәсіпкер:

- Қарапайым мысал, есепшінің қателігінен 3 теңге салық төленбей қалады. Соның салдарынан біз мемлекеттік сатып алу байқауына қатыса алмаймыз. Тағы бір кедергі, есеп қағаздары уақытылы тапсырылмаса, айыппұл салынады. Бір күнге кешіксе де осы. Сондықтан осы жағы реттелсе дейміз.

Хабар 24 телеарнасы