389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында құландар табиғат аясына жіберіледі

  • 589
  • UPD: 18:52, 17.10.2018

Қостанай облысында бұрын мекен еткен жануарларды қайта жерсіндіру жұмыстары жалғасын табуда.

Осы аптада Жангелдин ауданындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты 16 бас құланмен толығады. Жануарлар Алматы облысындағы «Алтын емел» табиғи ұлттық паркінен ұшақпен әкелінеді. Болашақта Торғай даласына Пржевальский жылқыларын және дуадақ құстарын қайтару жоспарланып отыр.

Мұрат Байділдин, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Былтырғы жылы күзде 9 құлан әкелінді. Әдейі қоршалған 50 гектар аумақта ұсталды. Қыс бойы сонда болды. Ауырмай шықты. Биыл сәуір айында табиғи ортаға жібердік.

Хабар 24 телеарнасы