386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» аясында балаларды оңалту орталығы ашылды

  • 841
  • UPD: 22:54, 17.10.2018

Ақтөбеде сырқат балаларды оңалту орталығы ашылды. Қазір өңірде мүмкіндігі шектеулі 3 мың бала бар, олардың тең жартысы церебральды сал ауруы мен сүйек-бұлшық ет патологиясына шалдыққан.

Ал 140 балаға аутизм диагнозы қойылған. Бұған дейін олар өзге өңірлерге барып емделетін. Айта кетейік, жаңа орталық «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Бақытты бала» жобасы аясында ашылған.

Бұл жәй робот емес, бұл құлтемір жүре алмайтын баланың тірегі, аяғы десе болады. Бұған дейін өздігінен жүріп көрмеген баланың бұлшық еттері қозғалып, жерді басқандай әсер алады. Биртуальды баспалдаққа шығып, ұзақ жолды еңсереді. Енді тек ақтөбелік емес, жалпы батыс аймақтағы мүмкіндігі шектеулі балалар ешқайда бармай-ақ, жергілікті жерде ем алады. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» аясында салынған орталықтың баламасы жоқ. Мұнда сауықтыру шараларының бірнеше түрі бар.

Светлана Есенаманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Вертикализаторлармен тұруға үйретеміз. Сосын механизмдермен аяғына салмақ салғанда, денесі қалай болады екен деп, робот бар 5 буынға бірден кешкенеден салмақ беріп, вертикализаторлар қойып  бірінші қадамын жасаймыз. Әртүрі салмақ қойып, бірінші жүргізу жасаймыз.

Церебральды сал аурумын туылған егіз бала бағып отырған Жанна Калина осындай орталықтың ашылғанына қуанды. Астана мен Алматыны айтпағанда, Ресейдің бірнеше қаласына барып ем алыпты. Айтуынша, оңалту орталықтарының бәрінде бірдей заманауи қондырғылар бола бермейді.

Жанна Калина, қала тұрғыны:

- Өте көп аппараттар бар. Елімізде жоқ аппараттар әкеліп жатыр. Робот, видеоробот аппарат көрген жоқпыз. Көптеген қалаларға барып жүрміз, бірақ мұндай роботпен ем алып көрген жоқпыз. 

Одан бөлек, «Бақытты бала» жобасымен ерекше  қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша да ашылды. Ерекше бақшаға 85 бүлдірішін барып жүр. Олардың көбі сөйлеу қабілеті бұзылған және тірек-қимыл қозғалысы дамымай қалған бүлдіршіндер. Даун синдромы қойылған балдырғандар да осы жерде тәлім-тәрбие алады. Биылғы жыл өңірде балалар жылы болып жарияланып, «Бақытты бала» жобасы қолға алынды. Жоба аясында қыруар жұмыс атқарылды.

Гүлнәз Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізде робототехника кабинеттері, ультрақысқа дыбысты проекторлар, осы 20 мектепті қамтамасыз етеміз қазіргі таңда. 20 мектептің 12-сі аудандық білім бөлімдеріне қарайды. Қалған сегізі Ақтөбе қаласында. Сонымен қатар, жалпы кедергісіз білім беру блогы бойынша айтсам, бағыты бойынша қазіргі таңдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған түрлі білім беру мекемелері ашылуда.

Балалар  жылы облыста 140 балалар ойын алаңы салынады. «Бақытты бала» жобасы аясында салынатын нысандардың құрылысына жергілікті қазынадан 385 млн теңге бөлінді. Жүздеген сырқат бала Оңтүстік Корея мен Түркияның үздік клиникаларында ем қабылдайтын болды. Ал облыстағы бірнеше мектепке «балалар IT-әлемі» жобасын енгізіп жатыр. Балалар үйінің 77 тәрбиеленушісі демеушілердің көмегімен баспаналы болды.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы